Нұрға бастап көз қуаныш етіп ең,Сыйласымдай достасайық, Рамазан!Айырлысатын күн туа ма, өкінем,Қимасымдай қоштасайық, Рамазан!Әрбір сәтің қазынасы сауаптың,Мың айдан да қайырлысың, Рамазан!Жүрегімді бір өзіңе қараттым,Көптен күткен айымбысың, Рамазан!Жаратушы Жаббар Ием ұлық тым,Нығметін шын ұқтырдың, Рамазан!Арпалысқан нәпсі менен рухтың,Майданында шынықтырдың, Рамазан!Достарыңа келемісің жылына,Нәпсілерін тыю үшін, Рамазан!Мейіріммен тарту еткен құлына,Жаратқанның сыйымысың, Рамазан!Азынаған айбыны ауыр, мәңгі үні,Жәһаннамның қалқанысың, Рамазан!Құрметіңе шайтандардың барлығы,Кісенделіп...