Түркиядағы Алтай ауылында (фото, видео)
Түркиядағы Алтай ауылында (фото, видео)
  Биылғы Құрбан айт мерекесін елден жырақта білім алып жүрген Түркияның Қайсери қаласында Хасеки білім жетілдіру орталығының бір топ қазақ студенттері шет елде өмір сүріп жатқан қандас бауырларымен бірге  атап өтті. Қазақ студенттер дәлірек Данияр Самет, Айдын Серікбай, Саят Хасен, Роман Бұрқаш Ниде қаласында орналасқан тек қазақтар ғана тұратын Алтай ауылына   барып,  елдің ыстық сәлемін жеткізіп ондағы қаны бір бауырларымызбен қауышып, олардың туған жерге деген сағынышын бір басып қайтқандай болды.
  Алтай ауылы 1953  жылы құрылған. Арқада аяз болмаса арқар ауып несі бар демекші 1930  жылы Қытай өңіріне бас сауғалаған он сегіз мыңдай қазақ көп ұзамай жат жердің тепкісіне ұшырап Ауғанстан мен Пәкістан жаққа жер аударуға мәжбүр болған. 1952 жылы Түркия мемлекеті қазақтарды өздеріне шақырып бауырлас халыққа үй мен жұмыс береді. Сонау нәубет жылдарында үдере көшкен он сегіз мыңдай адамның ол кезде тек екі мыңға жуығы ғана қалған болатын. Түркияның сол кездегі президенті Жалел Бияр мен премьер министрі Аднан Мендерес Ниде қаласына келген қазақтарға жер беріп,  ауыл тұрғызып берген. Бір қызығы ел басшылары қазақтарға жаңа ауылдың атын өздері өмір сүрген жер жәннаты Алтай өңірінің атымен атауды ұсынады. Міне,  сол кездегі екі мыңға жуық қазақтар бүгінде сандары жиырма бес мыңға жетіп отыр. Сол жиырма бес мың қазақтың бр бөлігі әлі күнге дейін осы Алтай ауылында өмір сүріп келеді. 
Алтай ауылында тек қазақтар ғана тұрады. Келген қонақтарды  ауыл әкімі Абай мырза мен бұрынғы әкімі Мұстафа Көк пен ауыл белсендісі Орхан мырза қарсы алды. Елдің сәлемін ала келген қонақтар ауылдың әр үйіне бас сұғып мерекелерімен құттықтап, қонақ кәде ретінде домбырамен күй тартып, ән айтып қандас бауырларымыздың шерін тарқатты.
Сапар соңында ауыл ұжымы қонақтарға сый-сияпат табыс етіп елді қатты сағынғандарын, тәуелсіз Қазақ елінің әрбір жеткен жетістіктеріне қуанып отыратындықтарын және де туған елде бейбітшілік болсын деп, дамыған үстіне дами түссін деп үнемі дұға қылып отыратындықтарын жеткізді. Осылайша қазақ студенттері жат жерде жүрген бауырларымен қауышып шет елде жүрсе де қазақ жұртының бірлігі мен бауырмалдығының нық екенін тағы бір дәлелдей түсті.
Роман БұрқашРоман Бұрқаш
8 жыл бұрын 5639
1 пікір
  • барекелди! сол кездеги Туркиянын президенти Жалел Бияр, Аднан Мендерес мырзаларга риза болып отырмын,не деген кен пейилдик, казак азаматтарына бундай жагдай жасап,Ауылына Алтай атауын берген,Алла риза болсын!
    8 жыл бұрын
Блог туралы
0
20359 161 281 158 165