Парадокс!
Парадокс!
Арақ адам ағзасына өте зиянды. Ал айран болса өте пайдалы. Бірақ арақтың бағасы айраннан қымбат. Парадокс!
Брилиант секілді асыл тастардың адам өміріне дәл су сияқты пайдасы жоқ. Дегенмен брилиант судан гөрі бағалы болып есептеледі. Парадокс!
Ғалымдардың көбісі белгілі бір саладағы ғылыми жаңалықтарын мүлдем басқа нәрсені ойлап отырып ашқан деседі. Парадокс!
Темекі қорабының сыртындағы оның адам денсаулығына аса қауіпті деген жазуды оқи тұра адамдар темекі түтінін бұрқыратып тұрады. Парадокс!
Көп сөйлейтін адамдардың сөздері көбінесе мәнсіз келеді екен. Парадокс!
Біз адамдарды жақсылыққа шақырып жүріп өзіміз жамандықтан тыйыла алмай жатамыз! Парадокс!
Адам ғұмыры өте қысқа әрі бұл дүние өткінші. Бірақ көп адамдар мына өмірді мәңгілік сүретіндей бейғам. Парадокс!
Алла тағаланың разылығы ата-ананың разылығында. Бірақ  кейбір адамдар ата-аналарын қарттар үйіне өткізіп жатады. Парадокс!
Негізінде сауапты іс адамды жұмаққа ал күнәлі іс адамды тозаққа апарады. Бірақ  адамдардың көбісі күнәлі істерге ұмтылады. Парадокс!
Асылында адам қолындағы барымен, жанындағы жарымен бақытты бола алатын болса да бақытты алыстан іздеп жатады. Парадокс!

               Қадірлі оқырман! Сіздер тағы қандай парадокс білесіздер? 

Роман БұрқашРоман Бұрқаш
9 жыл бұрын 8958
10 пікір
  • Зекет жайлы есіме түсіп отыр! Зекет бергенде адамның мал-мүлкі берекеттеніп, қорғалады деп Аллаһ Тағала айтқан, бірақ адамдар дүнием кеміп қалады деп шайтанның азғырғанына сенеді.
    9 жыл бұрын
  • өмір осындай қайшылықтарымен қызық па деймін
    9 жыл бұрын
  • Мәселен you tube видео порталында пайдалы ақпараты бар видеоға қарағанда ойын-сауық пен мағынасы аса емес видеолар көп қаралады. Парадокс!
    9 жыл бұрын
  • ол да жоқтан жоғары ғой түк болмағаннан гөрі, жамандықты білмесе, жақсылықты қайдан таниды, ұндай шетін мәселелерге тек біржақты қарауға болмайды
    9 жыл бұрын
  • Пайдалы Бірдеңе істеу керек еді деп ойланып отырып, сағаттап, күндеп, мүмкін бір өмірімізді солай өткіземіз!
    9 жыл бұрын
  • кейбір дамдар бақытқа жету үшін не істеу керек екенін біледі, бірақ істемейді. парадокс!
    9 жыл бұрын
  • Өмірде парадокстар көп қой.
    9 жыл бұрын
  • aдам құдайдан не үшін, бірақ, нәрсесі үшін қорқады, осы өмірдегі болашағы мен ақыреті үшін және қазіргі сәті үшін қорқады
    9 жыл бұрын
  • және Оның мейірімінен тыс қалмасы үшін, самый главный осы
    9 жыл бұрын
  • Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) шапағатынан болсын, ... айтарым бар Алааһ елшісіне сүйіспеншлілгім...
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
20359 161 281 158 165