Ол оны сарыла күткен еді
Ол оны сарыла күткен еді

Күллі мұсылман жұртының ардақ тұтар анасы хазіреті Хадиша (р.а) анамыз 

                                  (Жалғасы. Басы өткен жазбаларда)

  Хз. Хадиша (р.а) анамыздың дүниеге келген жері яғни Хижаз аймағы ол өмірге келген кезде надандық дәуірін бастан кешіруде еді. Дегенмен батпақ арасындағы гүлдер секілді ол кезеңде жәһилеттің кірі тимеген таза адамдар да бар болған.  Уарақа ибн Нәуфәл, Ибайдулла  ибн Жәһш, Құс ибн Саида, Иксам ибн Сайфы, Зухейр ибн Әбу Сұлма, Осман ибн Хуайрис және Зейб ибн Амр секілді кісілер сонау Ибрахим (а.с) аталарынан бері келе жатқан бір Құдайға ғана табынатын ханиф дінін ұстанып ақиқатқа қол жеткізген еді. Бірақ бұндай адамдар көпшіліктің назары түсе қоятындай өте көп емес-тін.

    Тек бір Аллаға ғана табынған ондай кісілер ақиқатты іздеп, хақ дінге сусаған адамдардың ақыл сұрап жүгінетін жақындарына айналған. Ханиф дінін өзгелерге насихаттаудан танбаған олар керек жерде өздерінің ақиқат дінін ақындық өнермен ұштастырып та халыққа насихаттай білген.

   Хз. Хадиша (р.а) анамыз да надандық дәуірінің еш зияны тимеген жан. Ол (р.а) үшін ол кездері Уарақа ибн Нәуфал рухани жақын туысы әрі қиналғанда ақыл сұрар ұстазы болатын.

  Оның (р.а) өмірі бұлақтай тұнық еді. Оның көңілінің пәктігі, жоғарғы адамгершілігі жазсаң бір көркем дастанға жүк болатындай дүние болатын.  Оның (р.а) бұл сафтай таза адамгершілігін төңірегіндегі адамдарда білетін және сол кездің өзінде ардақты анамызды (р.а) пәк, таза мағынасын беретін «Тахира» деген атпен  атайтын. Сонымен қатар Құрайыш әйелдері арасында ханым деген мағынаға саятын «сайида» деген атпенде танымал және көзі ашық көкірегі ояу, биік парасаттылығына орай жақсы деген мағынаны білдіретін «жәйида» деген де атқа ие болған еді.

   Осылайша аяулы анамыз ғаламның рақым нұры пайғамбарымызға (с.а.у) тұрмысқа шығам дегенше де  Ибраһим пайғамбардан (а.с) келе жатқан ханиф діні ұстанып, тек қана бір Аллаға табынып илаһи тылсымнан қуат алған, рухани атмосферада күн кешкен салиқалы, тақуа әйел болған. Оның үстіне өзіне ұстаз деп білетін туыс ағасы Уарақа ибн Нәуфәл яһуди және христиан діні жайлы көп білетін әрі осы діндерде айтылатын  болашақ келетін соңғы елшімен төңірегіндегілерді сүйіншілейтін. Себебі әрбір елші өзінен кейін келетін өзге елшімен халықты сүйіншілеп отырған. Тәурат пен Інжіл кітаптарында соңғы елшінің келетіні жайлы көп жерінде айтылған. Соңғы елшінің келетінін соңғы рет сүйіншілеген хз. Исаға берілген (а.с) Інжіл кітабының атауының бір мағынасы да «сүінші» деген мағынаға саяды емеспе еді?!

   Асылында соңғы пайғамбарды тек қана Уарақа ибн Нәуфәл ғана емес бүкіл Хижаз өлкесі күтуде еді. Араб түбегінің тұрғындары ардақты еллшіміз (с.а.у) жайлы көп естімесе де Оның (с.а.у) сипаттарын бір-біріне жарыса айтатын  әрі әрқайсысы соңғы елші біздің әулетімізден шығады деп қатты үміт ететін.

   Бұл сүйіншілер Хадиша анамыздың да құлағына жеткен болатын әрі ол да соңғы пайғамбардың тезірек келуін сарыла күткен. Оның жақын арада келетінін сүйіншілегендер оның түр-тұлғасын, адами ерекшеліктерін керемет сипаттағандары соншалықты Хадиша анамызды (р.а) соңғы елші жайлы ойлар жатса-тұрса маза бермейтін  және бұл ойлар оны ұйқыға кетіп бара жатса да бейне бір әлдидей тербететін.

   Сәуегейлер мен ғалымдар бір ауыздан соңғы елшінің жақын арада келетінін айтып жар салып жүр. Сүйінші сұрағандардың көп айтып кеткеніне қарап соңғы елшінің әне-міне келіп қалатынын бәрі іштей сезетін және ғаламның рақым таңын қарсы алуға олар бейне бір жақын арада болатын мерекеге дайындалғандай  әзірлікте болатын. 

                                                                                                                        (Жалғасы бар...)

  

                             Bekir Burak, Hz. Hatice Kadınlık Aleminin Sultanı Түрік тілінен аударған Роман Бұрқаш

Роман БұрқашРоман Бұрқаш
9 жыл бұрын 4835
6 пікір
Блог туралы
0
20359 161 281 158 165