Асылдан туған текті ұрпақ
Асылдан туған текті ұрпақ
Күллі мұсылман жұртының ардақ тұтар анасы Хадиша (р.а) анамыз 

                                        (Жалғасы. Басы өткен жазбаларда)

                                           Балалары

   Бойжеткен шағында текті Хадиша анамыз (р.а) әрбір ер азамат өмірлік серігі еткісі келетіндей өте ақылды да көрікті жан болатын. Дәл осындай абзал жанға кім жар болғысы келмейді?! Хадиша анамыз тегі асыл әрі қоғамда ойып тұрып орын алатын отбасында дүниеге келген. Отбасы жағдайы жақсы, бақуатты өмір сүріп жатқан. Сондықтан анамызда жас шағынан өте ақылды әрі сұлу боп өсіп ел-жұрт қызыға да қызғана да қарайтын қыз болатын.

    Хадиша анамыз (р.а)  ең алғаш Әбу Хали ибн Зурараға тұрмысқа шыққан. Бірақ бұл некенің ғұмыры ұзаққа бармады. Себебі Әбу Хали артынан мол мұра тастап о дүниеге аттанып кетті. Бұл некеден Һинд және Хали деген екі бала дүниеге келген.

    Һинд анасымен бірге тұрады және асыл анамыз (р.а) Пайғамбарымызға тұрмысқа шыққанда да Һинд олардан бір елі ажырамайды. Әз пайғамбарымыздың (с.а.у) мейірімге толы шаңырағында тәрбиеленген Һинд ел-жұрт «Алла елшісінің (с.а.у) тәрбиесін көрген бала» деген атпен танылып кеткен еді.

     Һинд пайғамбарымызбен (с.а.у) бірге Бәдір және Ухуд шайқастарына қатысқан. Кейіннен хз. Әлидің (р.а) кезіндегі бүлікте яғни Жәмәл қақтығысында ақиқат үшін күресіп жүріп шейіт болған.

     Һиндтің өзге сахабалар артықшылығы ол Алла елшісін (с.а.у) мүбарак түр-тұлғасын, көркем мінез-құлқын өзгелерге жақсылап сипаттап бере алатын және оның (с.а.у) өміріндегі  өзгелерге сабақ болатын тұстарын басқалардан жақсырақ түсіндіре алатын. Жарқын өмірімен тарихта қалған Һинд қарындасы Фатиманың ұлы, Пайғамбарымыздың (с.а.у) сүйікті немересі Хасан пайғамбарымызды сипаттап беруін өтінгенде Һинд Алла елшісін түр-тұлғасын және мінез-құлқының көркемдігін бүге-шігесіне дейін дым қалдырмай сипаттап берген. Һиндтің пайғамбарымызды сипаттауда аты бірінші аталуының себебі ол онымен (с.а.у) бір шаңырақта өмір сүрді және көп сахабалар пайғамбарымызды (с.а.у) қатты құрметтегені соншалықты оның (с.а.у) мүбарак жүзіне тіке қараудан жасқанатын. Ал Һинд оның баласы болып саналатындықтан ардақты елшімізбен (с.а.у) қоянқолтық араласып жақыннан тануға мүмкіндік алған.

   Әбу Хали дүниеден озған соң ардақты анамыз (р.а) руы Маһзум Атиқ ибн Әизге тұрмысқа шығады. Бірақ жазмыштан озмыш жоқ дегендей бұл некенің де ғұмыры ұзаққа бармаған. Атиқ ибн Әиз көп ұзамай ақырғы сапарға аттанып кете барады. Бұл некеден дүниеге Һинд есімді қыз бала дүниеге келген еді.

     Һинд күйеуге шығам дегенше анасымен бірге тұрады. Бойжеткен соң анасы (р.а) оны Маһзум руының ұлы Сафий ибн Умаяға ұзатады. Олардан Мұхаммед атты ұл дүниеге келген. Кейінірек Мұхаммед Мадина қаласына көшкенде сол жақта оның ұрпағы «Тахираның (1) ұрпағы» (Хадиша (р.а) анамыз) деген атпен танылып кеткен еді.

                                                                                                              (Жалғасы бар...)

  

             Bekir Burak, Hz. Hatice Kadınlık Aleminin Sultanı Түрік тілінен аударған Роман Бұрқаш

1. Тахира-Хадиша (р.а) анамыздың лақап аты. Қазақша мағынасы таза, саф, кіршіксіз деген мағынаны береді.

тарих, ислам, Пайғамбарымыз (с.а.у), сахабалар, Роман бұрқаш, Хадиша анамыз (р.а)
Роман БұрқашРоман Бұрқаш
9 жыл бұрын 5400
1 пікір
Блог туралы
0
20359 161 281 158 165