Самая счастливая семья
Самая счастливая семья

                    

(Жалғасы. Басы өткен жазбаларда)

Күллі мұсылман жұртының ардақ тұтар анасы Хадиша (р.а.) анамыз
                               Жаңа шаңырақтың отбасы мүшелері

        Ардақты пайғамбарымыз (с.а.у) бен аяулы анамыздың  (р.а) ата-аналары ертеректе дүниеден озған. Олар перзенттерінің шаңырақ көтеріп бақытқа бөленген сәттерін көре алмады. Дегенмен жас жұбайлар жаңа шаңырақта өздері ғана  тұрмайтын еді. Асылында бір отбасында ата-аналары өмірден озған болса ол үйде жастардан басқа ешкім тұрмайды дегенденді білдірмек емес. Бұндай жас отбасылар қоғамдағы панасыз қалғандарға, ас-су, киім-кепшікке мұқтаждар мен жетім-жесірлерге қорған болулары керек.

         Рақым пайғамбары (с.а.у) мен оның сүйікті жары (р.а) бұл міндетті бәрінен асып орындады. Қасиетті шаңырақтың есігі туысқа да туыс еместерге де бірдей ашық еді. Отағасы мен отанасы өз шаңырақтарында кішкентай балаларды асырап ап оларды ержетем дегенше бағып-қағуды асыл борышы деп білді. Ендігі кезекте сол мүбарак отбасында тәрбие көріп, пайғамбарымызбен (с.а.у) және асыл анамызбен (р.а) бір шаңырақ астында тұрған кісілерге тоқталып кетейік.

         Хазіреті Әли. Дүниеге келмей жатып әкесінен айрылған пайғамбарымызға (с.а.у) ағасы Әбу Тәліп көп көмек көрсеткен болатын. Өз кезегінде ардақты елшіміз (с.а.у) Әбу Тәліптің балаларының көптігінен кезінде Хазіреті Аббастың қамқорында болған Әлиді өз қанатының астына алады. Осылайша әке орнына әке болған көкесінің жақсылығына жақсылықпен жауап береді.

         Хазіреті Хадиша  (р.а)  бала Әлиге жаңа үйінде аналық мейірім сыйлағанабзал жан. Әли бір жағынан қасиетті шаңырақта мол тәлім-тәрбие алса екінші жағынан әйел затының патшайымы, ардақты анамыздан (р.а) аналық мейірімге барынша бөленіп өсті.

     Зәйд ибн Хариса. Зәйд ибн Хариса асылында азат бір отбасының ұлы болатын. Анасымен бір жерге барғанда тосыннан бір арамниеттілердің қолына түсіп қалып құл базардан бір-ақ шыққан. Указ жәрмеңкесінде оны Хадиша анамыздың (р.а) інісі Хәким ибн Хизам сатып алып әпкесіне берген. Зәйд көбіне пайғамбарымыздың (с.а.у) қызметінде жүретін. Сол себепті ақиық елшіні (с.а.у) жақыннан танып, адамгершілігі мен мейірімділігіне тәнті боп оған қатты бауыр басқан. Тіпті біраз жылдар өткен соң оны әкесі мен ағасы іздеп тауып өздерімен бірге алып кетпекші болады. Ардақты елшіміз (с.а.у) оны азат еткенмен Зәйд пайғамбарымыздың (с.а.у) жанынан ешқайда кеткісі келмейтінін айтып жыларман болған. Зәйдтің пайғамбарымыздың (с.а.у) жанында жағдайы жақсы екенін көңілдеріне жұбаныш етіп әкесі мен ағасы өз елдеріне кете барады.

         Үмму Айман. Пайғамбарымыздың (с.а.у) анамнан кейінгі анам деп атаған қамқоршысы Үмму Айман да осы отбасымен бір шаңырақ астында ғұмыр кешкен. Адамзат абзалы ардақты пайғамбарымызға (с.а.у) бала кезінде анасын жоқтатпай шешелік мейірімін төккен Үмму Айман ибалы келінімен тату-тәтті ғұмыр кешіп, осы шаңырақта өмірінің ең шуақты күндерін басынан өткерген.

       Һинд. Хз. Хадиша анамыз (р.а) бұрынғы күйеуі Әбу Халәдан қалған ұлы Һиндте осы үйде тұрған. (Һинд жайлы өткен жазбаларымызда айтылған)

      Зубайр ибн Әууәм. Әкесі қайтыс болған соң Зүбайр да пайғамбарымыздың (с.а.у) қамқорлығына өтті. Пайғамбарымыздың (с.а.у) тәрбиесін ерте жастан көрген соң Зүбайр да кішкентай кезінен Ислам дінін қабылдап күрпірлік тамырына ерте жастан балта шапқан еді.

(Жалғасы бар...)

Bekir Burak, Hz. Hatice Kadınlık Aleminin Sultanı

Түрік тілінен аударған Роман Бұрқаш

Роман БұрқашРоман Бұрқаш
9 лет назад 4212
2 комментария
  • Тақырыбы неге орысша?
    9 лет назад
    • Басты бетке осылай шығып тұрсын деп жазып ек аға. Болмаса бұрын шығып жүрген жазбалардың жалғасы ғой. Әр жаңа жазба сайын қандай тақырып қойсақ болады деп дал боламыз кейде.
      9 лет назад
О блоге
0
20359 161 281 158 165
Прямой эфир