Ол Алла жолында алғаш боп қылыш сермеген
Ол Алла жолында алғаш боп қылыш сермеген

   Күллі мұсылман жұртының ардақты анасы хазірет Хадиша (р.а) анамыз (жалғасы...)

  Зубәйр ибн Әууәм

   "Пайғамбарымыздың (с.а.у) көмекшісі" деген атқа ие болған Зубәйр ибн Әууәмда хз. Хадиша анамыздың (р.а) жақын інісі болып келеді. Сонымен қоса Зубәйрдің шешесі хз. Сафия анамызда (р.а) пайғамбарымыздың (с.а.у) әпкесі болатын.

   Зубәйр он екі жасында мұсылман болып кезінде Хабашстанға қоныс аударған одан кейін Медина қаласына да көшкен мұһажир сахаба.  Ол сахабалар арасында Алла жолында алғашқы болып жауына қылыш сермегендігімен де ерекшеленеді. Пайғамбарымыз (с.а.у) Бәдір соғысында және Құрайза тайпасымен болған қақтығыста періштелер Зүбәйрдің бейнесіне еніп соғысқа қатысқандығын айтқан. Сонымен қатар пайғамбарымыз (с.а.у): «Әрбір пайғамбардың көмекшісі болады ал менің көмекшім Зүбәйр»,-деп оның тағы бір артықшылығын паш еткен.

   Зүбәйр пайғамбарымыз (с.а.у) жәннатпен сүйіншілеген он сабаханың бірі болған әрі өмірінің соңына дейін Хақ дін жолында аянбай қызмет етіп өткен қаһарман. Хз. Омар (р.а) дүниеден озар алдында халифалыққа лайықты деп таныған алты адамның бірі де осы Зүбәйр болатын. 

 
    Bekir Burak, Hz. Hatice Kadınlık Aleminin Sultanı Түрік тілінен аударған Роман Бұрқаш 

Роман БұрқашРоман Бұрқаш
9 лет назад 5782
14 комментариев
  • Мәшә Аллла Роман бауырым! Мынау бір сериямен шығып жүрген жазба екен. Қызық болған үстіне қызық болып жатыр. Шіркін Ислам тарихында небір сериал мен фильмге татитын керемет сюжеттер бар ғой. Сізге Алла разы болсын! Осындай жазбаларды тағы күтеміз!
    9 лет назад
    • Дәулет бауырым мына жерде Алаш Қазақ бауырым орыс тілінде сахабалар жайлы кітап шыққанын айтып отыр. Сіздің орысшаға ебіңіз бар деп естідім. Сол орысша кітаптарды қазақшаға аударсаңызшы немесе бөллім бөлім қылып осы сайттан блок ашып салып отырыңыз. Алла баршамызға разы болсын!
      9 лет назад
  • Негізі кітап Хадиша анамыз (р.а) жайлы болғасын басқа сахабалардың тек анамызбен туыстық байланысы мен қысқаша мағұлмат берілген иә?! Болмаса Зүбәйрдің (р.а) өзі жайлы да бір кітап жазуға болады. Мен осындай сахабалар жайлы орыс тілінде жеке кітаптар көргем. Өкінішке орай сахабалар жайлы Алау Әділбаевтың "Саңлақ сахабаларынан" басқа кітап жоқ. Исламтанушылар мен жазушылар қазақ тілінде сахабалар мен өзге де Ислам қаһармандары жайлы жеке жеке кітаптар жазса нұр үстіне нұр болар еді.
    9 лет назад
  • Машалла, мен Алаш қазаққа қосылам...))
    9 лет назад
  • Роман, бұл аударманы кітап етіп жинақтап шыгарса тамаша болады... халыққа керегі де сол ғой, сізге қабірге келіп тұратын сауап болады иншалла, ертең ұрпақ оқып ұғып алса, қазіргі таңдағы "әттеген айларды" түзетудің таптырмас құралы деп бiлем.
    9 лет назад
  • Халықтың діни деңгейі көтерілді, енді кітаптардың форматы мен жазылу стильдерін де соған сай икемдеу керек, бұл сiз бен біздің міндет ... Байтурсынның Ахметіндей болып Қайрат ағалар мен Саттар ағалар жетелеп, жөн көрсетсе Әуезов пен Мiржақыптардай дін жаюға барымызды саларымыз анық. Жамандар етектен тартып, аяқтан шалса да Алланың ақиқатын арқалаудан тартынбасымыз анық.
    9 лет назад
  • Болар елдің баллары өзiнше соқпақ салады, аударма әрине, үлгі алудың жолы десе болады, бірақ, Қазаққа қазақы қалыпта, қазақша ойлайтын адамдардың iштен жарып шыққан туындылары керек, Ол сіздің қолдан келеді, діни роман жазудың алғашқы қадамын сiз салады деп сенемін...
    9 лет назад
  • Осындай ұлы қадамға қарай жол тартқан кезде "Сен қазірден бастап мен деп жатырсың" , немесе "Ол өз алдына шығармашылық дамытса такаппарланып кетеді" деген сияқты өзгенің жолынан шартты түрде аса алмай қалған адамдар аяқтан шалғысы келуi мүмкін, бірақ, қыранға тек самғау ғана жарасатынын ұмытпайық "ит үреді, керуен көшеді" . Біз Алладан басқа ешкімге тәуелді емеспіз.
    9 лет назад
    • Біз Алладан басқа ешкімге тәуелді емеспіз. Дұрыс айтасыз Ереке. Асыл зат құнсыз заттың тұтқыны болмау керек деген сөз бар. Ниетіміз болмашы дүниенің ләззаты емес ұлы Жаратушы Жаббар Иеміздің разылығы болса Алла тағала адам жүрегіндегі сол сафтай таза ниетін елеусіз қалдырмайды. Ахмет пе Міржақыптардың еңбектерінің өміршеңдігі осында жатса керек. Алла тағала ниетімізді ақ, мақсатымызды асыл етсе шексіз құдіретке шәксіз сеніп шетсіз кеңістікке самғарымыз ақиқат
      9 лет назад
  • хадиша анамыздың төңірегінен бастағаның жөн болған екен
    9 лет назад
  • Машалла!
    9 лет назад
  • МашаАлла ризамыз Раке. Осылай жазбаларыңыз жиі шығып тұрса жақсы болар еді. Асыға күтеміз!
    9 лет назад
О блоге
0
20359 161 281 158 165
Прямой эфир