Түркиядағы қазақтар тәуелсіздік мерекесін атап өтті (фото)
Түркиядағы қазақтар тәуелсіздік мерекесін атап өтті (фото)

 Биыл еліміз бабалар қанымен, аналар жасымен қол жеткізген тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтуде. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап келген егемендігіміз әрбір қазақ үшін қастерлі екені даусыз. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде мерекеміз үлкен қуанышпен, ерекше ықыласпен аталып өтілуде.

  Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесін Түркиядағы Қайсери қаласы Хасеки жоғарғы мамандандырылған діни оқу орнында оқитын бір топ қазақ студенттері де атап өтті. Аталмыш оқу орнында білім алып жатқан 26 қазақ студенттері мен Қайсери қаласының өзге де оқу орнында білім алып жатқан қазақ студенттерінің бірігіп жасаған бұл мерекелік кешке Хасеки медресесі ұстаздары және аталмыш қаланың түрлі мәдени қорларының басшылары қонаққа шақырылды.

   Мерекелік кеште Қазақстан жайлы қысқа метражды видео көрсетіліп арнайы шақырылған қонақтар қазақ студенттерін мерекелерімен құттықтап, мұсылман қазақ жұртының тәуелсіз ел болып дамып келе жатқанына қазақтардан кем қуанбайтындықтарын айтып, екі ел арасындағы ыстық бауырмалдықтың одан да нығая түсуіне тілек білдірсе Әзімбек Қарабеков (жүргізуші), Данияр Самет (жыр-терме), Роман Бұрқаш (ұлттық аспаптар), Құдіретулла Ергешов (өлең), Рамис Шамилов (өлең), Омар Сәлімбеков (Құран)  сынды студенттер қазақ ән-жырын түрік аспанында әуелетіп, ел-жұртын сағынған қазақтардың көңілін босатып, сағыныш отына май құя түсті. Кеште еліміздің тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен және Түркия халқының бірлігі жолында аянбай күрескен шахидтердің рухына бағышталып оқылған Құран хатым дұғасы жасалып кеш соңында 250 адамға ас берілді. Жат жерде жүрсе де ата-баба салтына бекем қазақ студенттері келген қонақтарға сыйлықтар беріп, Хасеки медресесінің директоры Абдулқадыр Қабдан мырзаға елден арнайы алдырылған құндыз жағалы шапан жауып, қазақы бөрік кигізді.

  Осылайша Анадолы жерінде білім алып жатқан қандастарымыз қазақ елінің егемендігін паш етіп бауырлас түрік-қазақ жұртының достастығының одан әрі де дами түсуіне өз үлестерін қосты.Қазақ студенттері Қайсери қаласы Хасеки медресесі директоры Абдулқадыр Қабдан мырзаның қабылдауында

 

Роман БұрқашРоман Бұрқаш
7 лет назад 6325
0 комментариев
О блоге
0
20359 161 281 158 165
Прямой эфир