Хадиша анамыздың (р.а) тұрған үйлері
Хадиша анамыздың (р.а) тұрған үйлері

Күллі мұсылман жұртының ардақты анасы хазірет Хадиша (р.а) анамыз (жалғасы...)

Оның (р.а) тұрған үйлері

     Хз. Хадиша атасы Әсәд ибн Абдулғұззаның үйіне кетем дегенше Қағбаның батыс жағында сол Қағбаға өте жақын бір үйде өмір сүрген. Бұл үйдің Қағбаға жақын орналасқаны соншалықты таң атқанда Қағбаның көлеңкесі осы үйге түссе, кеш батқан кезде үйдің көлеңкесі Қағбаға түсетін еді. Сол үшін бәрі бұл үйді Қағбаның сүт бауыры деген мағынада «радыйатуль-Қағба» деп атап кеткен. Осы үйдің ауласында Қағбаға қарай өскен бір үлкен ағаштың бұтақтары Қағбаны тауап етушілерге кедергі боп тұратын. Кейіннен хз. Омар (р.а) бұл ағашты иесінен бір сиырға сатып алып оның орнын Харам аймағына кіргізіп тауап етушілерге кедергі келтіретін болғасын түбімен кесіп тастауға бұйрық береді.

   Әз пайғамбарға (с.а.у) тұрмысқа шығам дегенше хз. Хадиша анамыз қазіргі таңда «қорған тауы» деп аталатын жерде тұрған. Кейіннен бұл үйді қызы Зейнеп Әбул-Асқа күйеуге шыққан кезде оларға сыйға тартқан және бұл үйде хз. Фатима (р.а) анамыз дүние салғаннан кейін хз. Әлимен (р.а) тұрмыс құрған хз. Умама дүниеге келген. Әбуль-Ас Мадина қаласына һижрет еткен кезде бұл үйге өзге мұһажирлер дүние-мүліктерін қалдырған болатын. Сол себепті солардың туыстары осы үйді әбден тонайды артынан бұл үй ізді-күйлі ұмытулы қап кетеді.

   Алла елшісі (с.а.у) хз. Хадиша анамызбен шаңырақ көтерген кезде пайғамбарымыздың (с.а.у) Хәким ибн Хизамнан сатып алған үйге көшіп барады және балалары да сол үйде дүниеге келген. Ардақты пайғамбарымыз (с.а.у) Медина қаласына қоныс аударған кезде бұл үйді Әбуталибтің ұлы Укайл өзгелерге сатып жібереді. Осылайша он үш жыл бойы пайғамбарымыздың (с.а.у) адамдарға Ислам дінін насихаттағанына куә болған бұл үй өзгелердің қолына өтіп кетеді. Сонымен қатар бұл үй тек мұсылмандар ғана бас сұққан үй емес. Мәселен Меккенің Әбу Жәһил, Әбу Суфиян және Әһнес ибн Шерк секілді мүшріктері түнжарымда ел-жұрттың көзінен таса пайғамбарымыздың үйінің сыртына келіп оның (с.а.у) оқыған Құранын тамсана тыңдайтын болған.

                                                                                                                                                    (Жалғасы бар...)

  

              Bekir Burak, Hz. Hatice Kadınlık Aleminin Sultanı Түрік тілінен аударған Роман Бұрқаш

Роман БұрқашРоман Бұрқаш
10 лет назад 5469
2 комментария
О блоге
0
20359 161 281 158 165