Иоганн Вольфганг фон Гётенің афоризмдері (1749-1832) Неміс ақыны, ойшыл, қоғам қайраткері
Ұрысып жатқан екі адамның қайсысы ақылдырақ болса сол бәріне кінәлі
Адам сүйгенінен үлгі алады
Мейлі патша бол, мейлі жұмысшы бол қашан отбасыңда береке болса ғана шын бақытты боласың
Махаббат адамдарға билік жүргізе алмауы мүмкін бірақ ол адамдарды тәрбиелей алады
Өзіңнің түкке тұрғысыз екеніңді білген сәттен бастап кемелденуің басталады
Әкелер балаларын қашанда өздері жете алмаған нәрсеге жетсе екен дейді
Кімде кім өз-өзіне талап қоя алса сол ғана мақсатына жетеді
Қайғыра білмесең бақыттың дәмін татпайсың
Үнемі қаһарман болып жүре алмасаңда үнемі адам болып жүруге болады
Кім өзінің шектеулі екенін сеззе шексіздікке соғұрлым жақын
"Бөліп алда билей бер"- жақсы ой. Бірақ "біріктір де бағыт бер" одан да күшті
Өлімнен қорықсақ та қорықпасақ та одан қашып құтыла алмаймыз
Ең жіңішке қылдыңда көлеңкесі болады
Егер кемпірқосақ ұзақ тұратын болса оған тамсанатындардың қарасы азаяды
Көп білетін әрі сол білгенін іске асыра алатын адамды табу қиын
Біреудің қуанышына қуана алатын адам ғана нағыз адам
Құдай әр қауымға өз тілінде сөйлейтін пайғамбар жіберген
Жарық бар жерде қараңғылыққа орын жоқ
Шие мен құлпынайдың дәмі қандай екенін құстар мен балалардан сұрау керек
Асыл зат құнсыз заттың тұтқыны болмауы тиіс
Кемшілігі болса да махаббатқа барлық адам лайықты
Адам болу дегеніміз күрескер болу
Махаббат болмайтын нәрселерді де болдырады
...Сонымен біз Исламда қалуымыз керек. (Яғни Алла тағаланың бұйрықтарына бойұснуымыз керек)...Бұл сөзіме басқа алып-қосарым жоқ
Егер Ислам дегеніміз Аллаға бойсұну болса. Онда біз Ислам дінімен өмір сүріп Ислам дінінде жүріп өмірден өтеміз
Ең ақылды адам көп білетін адам емес өзінің кім екенін білетін адам
Ештеме білмейтін адам бәріне сене береді
Уақытты құр өткізіп алудан асқан азап жоқ
Орыс тілінен аударған Роман Бұрқаш
Уақытты құр өткізіп алудан асқан азап жоқ