Бірде жазушылар одағында бір топ қаламгерлер жиналып қалған екен. Әңгімеден әңгіме шығып араларындағы біреуі орысша бір жазбадағы "на столе ничего нету" деген сөзді әрқайсыларымыз өзімізше аударып көрейік депті. Бірі "үстелдің үстінде ештеме жоқ" деп аударса басқа біреуі "үстелдің үстінде дым жоқ" деп тәржімалапты. Кезек араларында отырған Қалтай Мұхаммеджановқа келгенде ол кісі әлгі сөзді "дастарханның беті жылан жалағандай" деп аударып әріптестерін бір риза қылып қойған екен.
Пы.сы: Егер аудармаларымыз сәтсіз шығып жатса ол ана тіліміздің жұпынылығынан емес керісінше біздің аудармаға шорқақтығымыздан.