Түркиядағы Алтай ауылында (фото, видео)
Биылғы Құрбан айт мерекесін елден жырақта білім алып жүрген Түркияның Қайсери қаласында Хасеки білім жетілдіру орталығының бір топ қазақ студенттері шет елде өмір сүріп жатқан қандас бауырларымен бірге атап өтті. Қазақ студенттер дәлірек Данияр Самет, Айдын Серікбай, Саят Хасен, Роман Бұрқаш Ниде қаласында орналасқан тек қазақтар ғана тұратын Алтай ауылына барып, елдің ыстық сәлемін жеткізіп ондағы қаны бір бауырларымызбен қауышып, олардың туған жерге деген сағынышын бір басып қайтқандай болды. Алтай ауылы 1953 жылы құрылған. Арқада аяз болмаса арқар ауып несі бар демекші 1930 жылы...