Бауырыңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?
«Асылында мұылмандар бір-бірімен бауыр...»«Хұжырат» сүресі, 10-аят Интернет ресурсы дамығалы бері ғаламторда діни сайттардың қарасы көбейіп мұсылман жұртшылығын Ислам әлемінің жаңалықтарымен хабардар етіп отыратын болды. Дегенмен жаңалықтардың басым бөлігінің мазмұны арине көңілге қуаныш ұялататындай емес. Әйтеуір дүниенің әр бұрышында құқығы тапталып, зәбір көріп жатқан мұсылман баласы. (бұған мысал ретінде өткендегі Палистина қырғынын айтсақ та жетіп жатыр). Мұсылмандардың саны соншалықты көп бола тұра, иеліктерінде қыруар байлық бола тұра...