Күллі мұсылман жұртының ардақты анасы хазірет Хадиша (р.а) анамыз (жалғасы...)
Зубәйр ибн Әууәм
"Пайғамбарымыздың (с.а.у) көмекшісі" деген атқа ие болған Зубәйр ибн Әууәмда хз. Хадиша анамыздың (р.а) жақын інісі болып келеді. Сонымен қоса Зубәйрдің шешесі хз. Сафия анамызда (р.а) пайғамбарымыздың (с.а.у) әпкесі болатын.
Зубәйр он екі жасында мұсылман болып кезінде Хабашстанға қоныс аударған одан кейін Медина қаласына да көшкен мұһажир сахаба. Ол сахабалар арасында Алла жолында алғашқы болып жауына қылыш сермегендігімен де ерекшеленеді. Пайғамбарымыз (с.а.у) Бәдір соғысында және Құрайза тайпасымен болған қақтығыста періштелер Зүбәйрдің бейнесіне еніп соғысқа қатысқандығын айтқан. Сонымен қатар пайғамбарымыз (с.а.у): «Әрбір пайғамбардың көмекшісі болады ал менің көмекшім Зүбәйр»,-деп оның тағы бір артықшылығын паш еткен.
Зүбәйр пайғамбарымыз (с.а.у) жәннатпен сүйіншілеген он сабаханың бірі болған әрі өмірінің соңына дейін Хақ дін жолында аянбай қызмет етіп өткен қаһарман. Хз. Омар (р.а) дүниеден озар алдында халифалыққа лайықты деп таныған алты адамның бірі де осы Зүбәйр болатын.
Bekir Burak, Hz. Hatice Kadınlık Aleminin Sultanı Түрік тілінен аударған Роман Бұрқаш