Отбасы жағдайы және шыққан тегі
-Жасыма! Әлбетте сені Алла өзі қорғайды! Себебі сен жақындарыңа қарасасың, қиналғанға қол ұшын беріп, мұқтаж жандардан барыңды аямайсың. Қонақтарыңда саған дән риза. Сен ардайым шыншылсың әрі жақсылық жолына бар ынта-шынтаңмен кірісетін жансың!...
Бұл сөздер хира үңгірінде алғаш рет Жәбірейіл періштені көріп абдырап, тосын кездесуден үрейленіп Меккеге келген Пайғамбарымыздың (с.а.у) естіген алғашқы сөздері және бұны айтқан Алла елшісінің (с.а.у) сүйікті жары Хз. Хадиша (р.а) анамыз.
Өміріндегі таңсық бір оқиғаға тап болғанда еш аласармаған, көңілі жабырқаулы серігіне демеу болып соңғы сәтке дейін жанынан табыла білген, оның әу бастағы адамгершіліктерін есіне сап жұбатуға тырысқан, Уарақа ибн Нәуфәл сынды білімді кісінің айтқандарына қосылып жұбайына қолдау білдірген Хз. Хадиша (р.а) анамыз кім еді? Әрі ол қалай өмір сүрді? Тапқан-таянғанын қандай жолда сарп етті?
Хз. Хадиша (р.а) анамыз Абраханың әскері Қасиетті Қағбаға шабуыл жасардан он бес жыл бұрын дүниеге келген. Әкесінің аты Хуайлид ибн Әсәд ал анасының есімі болса Фатима бинт Зәйдә.
Хуайлид Меккеліктерді аузына қаратқан, пікіріне құлақ астырған Құрайыш тайпасының беделгі кісілерінің бірі еді. Алла елшісінің (с.а.у) атасы Әбдімүтәллиб секілді ол да Мекке жұртшылығына қаланың Иемен тұсынан келген қауіпке (Абрақаның әскері) қарсы тұру үшін ел ағаларынан құрылған топтың мүшесі болды.
Рулас болғандықтан Хадиша (р.а) анамызбен Пайғамбарымыздың (с.а.у) бесінші аталары бір, яғни шежірелеріндегі Құсай ибн Кәлб екеуінің де аталары. Хадиша анамыздың (р.а) шешесі Фатиманың да түп атасы Луай мен Әбдіманап болғандықтанда ардақты анамыз (р.а) Әз пайғамбарымызға (с.а.у) әке жағынан да шеше жағынан да туыс болып келеді. Алла елшісіне (с.а.у) сүйікті жары және аталас туысқаны болған Хадиша анамыздай (р.а) ешкім жақын емес еді әрі бұл артықшылықтың астарында үлкен сыр жатқандай.
Өмір сүрген ортасы
Хадиша анамыздың (р.а) өмір сүрген ортасы да оны құдды бір болашақта болатын ұлы оқиғаларға дайындағандай. Сондықтан оның (р.а) айналасындағы кісілер де тегін адамдар емес еді.
Фижар соғысында қаза тапқан әкесі Хуайлидтің орнын басқан ағасы Амр ибн Әсәд Меккенің маңдайалды адамдарының бірі.
Сіңлісі Хәла Рәбия ибн Әбдулұззаға тұрмысқа шығып олардан кейіннен «сенімді» деген атқа ие болған Әбул-Ас дүниеге келген. Хадиша анамыз (р.а) пайғамбарымыздың (с.а.у) рұқсатын алып қыздары Зейнепті ел-жұрт сенімді деп таныған осы туысқан інісіне (р.а) тұрмысқа шығарады.
Хәким ибн Хизарда оның (р.а) туысқан інісі болатын. "Қағбада туылған алғашқы бала" деген атпен танылған Хәким сауда-саттық ісінде әпкесі Хадишаның (р.а) көмекшісі болады. Піл оқиғасынан үш жыл бұрын дүниеге келген Хәким Алла елшісіне (с.а.у) уахи келерден бұрын оның сенімді серіктерінің бірі атанған. Сонымен қатар ол күнтізбе, ата тек және шежіренің білгірі еді. Тағы бір айта кететіні Хәким аталары Құсайдан мирас боп келе жатқан қажыларға қызмет көрсету ісіне де белсенді түрде араласқан.
Пайғамбарлықтың алғашқы жылдарында Алла елшісіне (с.а.у) жәрдемшісі атанған Хз. Зәйдте (р.а) Указ жәрмеңкесіндегі мүлкімен әпкесі Хадишаға (р.а) көмектескен және байкот жылдарында мұсылмандарға жәрдем етуде бар мал-мүлкін сарп еткен.
Хунейін оқиғасында ақиық елшіміз (с.а.у) оған олжадан жүз түйе беріп сол арқылы оның жүрегін Исламға жібіткісі келген. Арада бірнеше жыл өткен соң Мекке алынып жатқанда ол Ислам дінін қабылдайды. Оның мұсылман болғанына ғаламның рақым нұры пайғамбарымыз (с.а.у) қатты қуанып, оның кезінде жасаған жақсылықтарын тілге тиек етіп оған: «Негізінде сен өміріңде жасаған көп жақсылықтарыңның себебімен мұсылман болу бақытына ие болдың»,-дейді.
Меккенің атқамінерлері маңызды мәселелерді талқылау үшін жиналыс өткізетін «дәрун-надуа» үйі де хз. Зейдке мұра боп қалған еді. Ол осы үйді Мағауияға сату арқылы Алла жолында пида еткен ол (р.а) һижраның 54 жылы Мағауияның халифалық тұсында қайтыс болады.
Хәким ибн Хизам саудасы арқылы танымал кісі еді. Мекке алынар кезде Алла елшісі (с.а.у) оған да құрмет көрсетіп: «Кімде-кім Хәким ибн Хизамның үйін паналаса ол адамға еш зиян келмейді»,-дейді. Мұсылман болғаннан кейін бұрын қанша мүмкіндік бола тұра асыл дінді қабылдамағанына қатты өкініп бұдан былайғы өмірінде мал мен жанын дін жолында пида еткен үстіне пида етеді әрі өткен өмірі үшін Хақтан үнемі кешірім тілеумен болады. Бірде қажылыққа кетер алдында жүз түйесі мен мың қойын садақа етіп оның үстіне Алла разылығы үшін жүз құлды азат еткен кездері де болған. Хунейн оқиғасы болған күні ол Алла мен оның елшісіне (с.а.у) сөз бергеніндей ешкімнен ештеңе талап етпейді, тіпті соғыс соңында бәрі олжаны бөліскенде ол өзіне тиісті үлесінен де бас тартқан болатын. Алла тағала нәсіп еткен жүз жиырма жастың ол алпыс жылын надандықта өткізген болса қалған алпыс жылын мұсылман болып өткерген.
(Жалғасы бар...)
Bekir Burak, Hz. Hatice Kadınlık Aleminin Sultanı Түрік тілінен аударған Роман Бұрқаш