Уарақа ибн Нәуфәл деген кім?
Уарақа ибн Нәуфәл деген кім?

Күллі мұсылман жұртының ардақты анасы-Хадиша (р.а) анамыз (жалғасы...)

Уарақа ибн Нәуфәл

   Хадиша анамыздың (р.а) көкесінің ұлы Уарақа ибн Нәуфәлде анамыз (р.а) ақыл сұрап кеңесіп тұратын білімді кісі болатын. Уарақа ибн Нәуфәл пұттарға табынуды жаны қаламай хақ дінді іздеу жолында ғұмыр кешкен жан еді. Олл тәурат пен Інжілді көне ибрани тілінде  оқи алатын ғалым кісі болатын. Сол арқылы болашақта соңғы пайғамбардың келетінін де оқып білген әрі соны сарыла күтумен күн кешетін.

    Соңғы пайғамбардың белгілерін қарындасы Хадишаға (р.а) да айтып оның да (р.а) алдағы келер күндерге дайын болуын ескертетін. Сол үшін Хадиша анамыз (р.а) оған күн сайын өмірінде кездескен тосын оқиғаларды жеткізіп отыратын-ды. Уарақа сол тылсым жәйттарды қарындасына (р.а) өзіне түсінікті тілмен түсіндіретін.

    Ол кездері араб өлкесінде ақындық үлкен өнер болып есептелетін және Уарақада ішкі ойларын өлеңмен өретін үлкен парасат иесі болатын. Бір күні қарындасы Хадишаның (р.а) одан тағы да бір тылсым жәйттар жайында сұрап келгеніне қарап болашақ Жәбірейіл періште арқылы Алла тағала адамзатқа өз пайғамбарын жіберетінін және адамдардың шын бақытқа жетуі тек оған (с.а.у) сену арқылы болатынын айтқан.

    Біраз жылдар өткен соң пайғамбарымыздан (с.а.у) Уарақа ибн Нәуфәл жайлы сұрағанда жанында отырған жұбайы Хадиша (р.а) сөз алып: «Шүбәсіз ол пайғамбарымыздың (с.а.у) келетінін білді, бірақ Алла елшісіне  (с.а.у) пайғамбарлық келген кезде ол дүниеден озған еді»,-деген. Асыл жарының бұл сөздерін пайғамбарымызда (с.а.у): «Расында мен оны жәннатта ақ киім киген күйі көрдім. Егер ол жәһаннамдық болатын болса үстінде ақ түсті киім емес басқа киім болар еді»,-деп растаған болатын.

    Тағы бірде пайғамбарымыз (с.а.у) бір кісінің ол жайлы жаман сөздер айтып жатқанын естіп қалып оған қатаң ескерту жасап Уарақаның жәннаттық екенін айтқан болатын.

     Әз пайғамбар (с.а.у) Уарақа ибн Нәуфәлді жиі еске алып асхабына ол жайлы айтып беріп отыратын. Осы арқылы Алла елшісі (с.а.у) өзіне  пайғамбарлық міндет жүктелем  дегенше оны сарыла күткен адамдардың опалылықтарын жеткізгісі келетін. Сондай бір кездері ол (с.а.у) Уарақа жайлы:

-Мен Уарақаны жәннатта көрдім. Үстінде жібектен тігілген, оқалы, жарқыраған шапан бар екен,-десе басқа бір сөзінде:

-Уарақа жайлы жаман сөздер айтушы болмаңдар. Мен оны екі бірдей жәннатта көрдім,-деген.

    Бір күні жасы егде тартқан қарт Уарақа мүшріктердің қолынан жан төзгіссіз азап шегіп жатқан хз. Біләлдің жанына барып, жүрегі оған деген бір рухани жақындықты сезініп былай деп тіл қатады:

-Алла жалғыз...жалғыз! Алланың атымен ант етемін егер бұл бүгін өліп кетсе де мен оны өле-өлгенше  жақсылықпен еске алып жүремін.

    Уарақа жайлы жоғарыда айтылған нәрселерді саралай отырып кейбір ғалымдар оны мұсылман болғанын тіпті сахабалардың қатарына кіретіндігін айтқан.

    Уарақа ибн Нәуфәл пайғамбарымызға (с.а.у) уахи келгеннен кейін көп ұзамай дүниеден озды. Осылайша өзі армандаған Хақ елшісіне (с.а.у) жәрдемші бола алмай бақиға аттанып кете барды.

                                                                                                                                                (Жалғасы бар...)

  

       Bekir Burak, Hz. Hatice Kadınlık Aleminin Sultanı Түрік тілінен аударған Роман Бұрқаш

 

        

 

 

  

 

Роман БұрқашРоман Бұрқаш
2 года назад 707
2 комментария