Сүйікті жазушымның афоризмдері
Сүйікті жазушымның афоризмдері

Антуан Сент де-Экзюперидің афоризмдері

Махаббат-екі ғашықтың бір біріне қарап отыруы емес. Екеуінің бірігіп бір бағытқа қарауы
Шыдамдылығыңды жоғалтпа! Ол саған көп есікті ашып беретін соңғы кілт
Ең маңызды нәрселерді көзбен көре алмайсың
Көздер соқыр. Жүрек ояу
Өзіңді өзің жауапқа тарт. Бұл өзгелерді жауапқа тартудан да қиын. Егер өз өзіңді жауапқа тарта білсең сен нағыз данасың
Үлкендердің бәрі бала болған. Бірақ олардың көбісі оны ұмытқан
Жоспарсыз мақсат-құр арман
Сәттілік-мыңдаған сәтсіздіктің нәтижесі
Жамандықты жоюмен күрескеннен гөрі жақсылықты өсірумен айналыс
Өзен теңізге құйғанда ғана тыныштық табады
Әлемде ешкім оятпаған адамдар өте көп
Ақиқатты тек жүрек қана көре алады. Маңызды нәрсені көру үшін көз қауқарсыз
Адам болу дегеніміз бәріне жауапты екеніңді сезіне білу
Махаббат-жүрек ісі
Кейде сөздер бір-бірімізді түсінуге кедергі етеді
Ғаламдағы ең үлкен проблема-адамзатқа рухани байлығын қайтару
Дос дегеніміз-саған кінә артпайтын адам
Маған ең ұнамайтын нәрсе-есею керек деген ой
Мен қатты, қатты қайғырамын...Адамдықтан жұрдай замандастарымды ойлап қайғырамын
Көз жасы-көңіл кірін жуып-шаяр жаңбыр іспетті
Жүрекке жылы тиген өлең жолдары ғана көзге жас келтіреді
Кейде адамдардың арасында да өзіңді жалғыз сезінуге болады
Нағыз адам күрес алаңында танылады
Дүниеде сені жауапқа тартатындар көп. Ал дос сені түсіну үшін жаралған
Уа, Тәңірім! Мені өмірде бәрі жақсы болады деген ойдан арылтқайсың. Маған өмірдегі сәтсіздіктер мен жеңілістер мені кемелдендіре түсетінін ұқтыра гөр
Қоштасу сені шын сүюге үйретеді
Адам болу үшін басымыздан көп нәрсені өткеруіміз керек
Уа, Жаратқан! Маған мен сұрағанды емес маған шын керекті нәсіп ет
Біз адам өмірінен құнды байлық жоқ екенін біле тұра одан да құнды нәрсе бардай әрекеттер жасаймыз
Сен өлген соң да өмір сүре беретін нәрсе үшін еңбек ету-нағыз бақыт
Уа, Тәңірім! Сен адамдардың достыққа қаншалықты мұқтаж екенін білесің. Менің де осы қастерлі сезімге лайықты болуымды нәсіп етші

                                                                                                           Орыс тілінен аударған Роман Бұрқаш

 

 

Роман БұрқашРоман Бұрқаш
2 года назад 654
5 комментариев