Құрметті күйеу бала
Құрметті күйеу бала

Мұхаммед ибн Сүлеймен «құрметті күйеу бала» деген лақап атпен танымал болған кісі екен деседі.  Құрметті күйеу бала  жасөспірім шағында білім алып жүріп түн жарымда  сығырайған шаммен де сабақ оқитын. Бір күні осындай білім кештерінің бірінде оның үйінің есігі қағылады. Беймезгіл уақытта есігінің қағылғанына қайран қалып жолаушы болар деп есігінің тұтқасына қол созады. Ашса қарсы алдынан сұлу әрі өрімдей жас қыз тұр. Бұл жолаушы қыз өзінің алыс сапардан шаршап келе жатқанын және осы үйден басқа өзге үйлердің шамдары сөнулі екенін, шарасыздан есік қаққанын айтады. Не істеу керек?! Әрине үй иесі жас жігіт қызды түн жарымда тас қараңғыда көшеге қалдырсын ба. Басқа қылар қайран болмағасын дереу үйіне кіргізеді. Үйге кірген соң жолаушы қыздың хал-жағдайын сұрап, алдына жүрек жалғар ас қойып қайта сабақ оқуына кірісіп кетеді. Арлы жігіттің   бұл жағдайы оған ұялып көзінің астымен қарап отырған қызды қайран қалдырды. Үй иесі сабақ оқып отырып сұлу қыз ойын бұза бастаса дереу алдындағы шамға саусағын күйдіріп қайта алып қайта күйдіріп ойын басқа жаққа аударғысы кеп дал болады. Осылайша саусағын шамға қайта-қайта күйдіріп отырып таңды атырады.

Таң атқан соң қыз үйден шығып кетеді. Сөйтсе қыз Османлы патшалығының уәзірлерінің бірінің қызы екен. Уәзірдің сарайындағы адамдар қызды көрісімен оны кеше түні бойы іздеп таппағандарын және дін аман оралғанына таң қалғандарын айтады. Қыз түнде бір жас жігіттің үйін амалсыз паналағанын және сол түні болған таңғаларлық оқиғаны айтып береді. Әкесі қызына қамқор болған жас жігітті дереу дәргейіне алдырып неліктен түні бойы саусағын шамға күйдіріп отырғанын сұрайды.  Хазіреті Жүсіптей жүзі нұрланған жас жігіт: «Жолынан адасып есігімді қаққан жолаушыны сыртқа қуа алмаймын. Сол себепті оған үйімнен орын бердім. Түні бойы шайтан менің санамды санға, ойымды онға бөліп арбаумен болды. Мен өзіме егер ерсі бір әрекетке барсам жәһаннамның оты бұдан да қатты болады деп саусақтарымды алма-кезек отқа сап күйдірдім»,-деп жауап береді.  Жігіттің бұл жауабына риза болған уәзір  оны қызына үйлендірген екен.

Осы оқиғадан кейін Мұхаммед ибн Сүлеймендей Алланың арлы құлы текті жердің қызын алып сол өңірге "құрметті күйеу бала" деген атпен танымал болады.

Роман БұрқашРоман Бұрқаш
2 года назад 1001
1 комментарий