Экзюперидің дұғасы
Экзюперидің дұғасы
Мен үшін ұшу мен жазу бір нәрсе. Ең маңыздысы-қозғалыста болу. Ең маңыздысы-өмірден өз орныңды таба білу. Ұшқыш пен жазушының өмірлері ұқсас. Екеуі де әлемді тануға ұмтылады. Антуан де Сент-Экзюпери (ұшқыш-жазушы)

 

    Уа, Тәңірім! Мен сенен таңғажайып дүниелер мен сағым болған армандарды емес, мен сенен тек қана әрбір күнімнің берекесін сұраймын. Мені  әрбір кішкентай іс-әрекеттің өзін көркем түрде жасай алатын адам еткейсің!

Мені күнделікті өмірімде жанымды толқытқан жаңалықтар мен тәжіриебелерді игере алатындай қырағы әрі алғыр ете гөр!

   Маған уақытымды дұрыс жүйелеуді үйретіп және маңызды нәрселермен маңызсыз нәрселердің ара-жігін ажырата алатын түйсік сыйлағайсың! Уа, Тәңірім! Өмірде  тайғанақтап, жаза басып кетпей әрбір сәтімді тиімді пайдалану үшін маған өзің қойған межеңнен аттап баспайтын ұстамдылық нәсіп еткейсің! Сол арқылы биік шыңдар мен алыс жатқан белестерге көз тастай жүріп тек ара-тұра өнерден де ләззат алуымды нәсіп ете гөр!

    Менің өткен-кеткен және болашақтағы армандарға алданбауыма, олардың маған еш медет бола алмайтынын түсінуіме көмектесші. Маған дәл осы жер мен дәл осы сәтімнің ең маңызды екенін ұқтыра гөр!

    Мені өмірде бәрі жақсы болу керек деген жаман ойдан арылтқайсың! Өмірдегі қандайда бір қиындықтар, жеңілістер мен сүрінулер мені тек кемелдендіре түсетін өмірдің ең маңызды бөлігі екенін ұғатын сана бер!

   Уа, Жаратқан! Жүрек пен ақылдың үнемі таласқа түсетінін менің есіме жиі салғайсың! Маған дер кезінде бетіме батылы жетіп шындықты айтатын адамды жібере гөр! Бірақ ол  сол шындықты  махаббатпен айтса екен!

  Мен көп қиындықтардың  уақыт өте артта қалатынын, тіпті ештеме істемесекте көп мәселелердің түйіні өзі-ақ шешілетінін білемін. Сондықтан маған сабыр етуді үйреткейсің!

  Уа, Тәңірім! Сен біздің достыққа қаншалықты зәру екенімізді білесің! Ендеше мені тағдырдың осынау қастерлі сыйына лайықты болуымды нәсіп етші!

   Менің біреуге ең керек сәтте, ең керек уақытта үнсіз немесе сөзбен ең керек жылуды сыйлауым үшін маған шалқар шабыт пен шексіз қиял нәсіп еткейсің!

Мені өмірде ең терең құзға құлағандарға дейін қол ұшын соза алатын адам еткейсің!

   Мені өмірде бірдеңеден құр қалып қаламын деген қорқынышты ойдан құтқара гөр! Маған мен сұрағанды емес маған ең қажеттіні ғана нәсіп қыл!

    Уа, Тәңірім! Мен әрбір кішкентай әрекеттерімнің өзін көркем түрде жасай алатын адам ете гөр!

                                                                                                 

                                                                                                            Орыс тілінен аударған Роман Бұрқаш  

Роман БұрқашРоман Бұрқаш
2 года назад 1334
12 комментариев
  • тамаша дұға, тағлымды дұға
    2 года назад
  •  Мені өмірде бәрі жақсы болу керек деген жаман ойдан арылтқайсың! Өмірдегі қандайда бір қиындықтар, жеңілістер мен сүрінулер мені тек кемелдендіре түсетін өмірдің ең маңызды бөлігі екенін ұғатын сана бер!
    2 года назад
  • Маған мен сұрағанды емес маған ең қажеттіні ғана нәсіп қыл!
    2 года назад
  • Мен көп қиындықтардың  уақыт өте артта қалатынын, тіпті ештеме істемесекте көп мәселелердің түйіні өзі-ақ шешілетінін білемін. Сондықтан маған сабыр етуді үйреткейсің!
    2 года назад
  • Маған уақытымды дұрыс жүйелеуді үйретіп және маңызды нәрселермен маңызсыз нәрселердің ара-жігін ажырата алатын түйсік сыйлағайсың! Уа, Тәңірім! Өмірде  тайғанақтап, жаза басып кетпей әрбір сәтімді тиімді пайдалану үшін маған өзің қойған межеңнен аттап баспайтын ұстамдылық нәсіп еткейсің!
    2 года назад
  • Дұғалар ішкі əлемнің айнасы. Мазмұны терең үлкен жүректен шыққан шынайы дұғалар.
    Алла разы болсын Роман інім.
    2 года назад
  • Мені өмірде бірдеңеден құр қалып қаламын деген қорқынышты ойдан құтқара гөр! Маған мен сұрағанды емес маған ең қажеттіні ғана нәсіп қыл!

    Керемет дұғалар екен. Алла разы болсын.
    2 года назад
  • Ote keremet! Allahim razi bolsin!
    2 года назад
  • Иә, естуімше жазушының бұл дұғасы өмірінің ең қиын кезеңінде жазылған. Мені де бей-жай қалдырмады... Ал "Мальенкий принці" өз алдына бір төбе.
    2 года назад
  • Керемет
    2 года назад
  • «О Аллах, я прошу полноту блага, продолжительность покровительства, широту милости, благополучия, спокойной и самой счастливой жизни, наиболее совершенного благодеяния, самого большого награждения, наиболее приятной и полезной милости. О Аллах, будь с нами и не будь против нас. О Аллах, заверши наши жизни в счастье и осуществи наши мечты в еще большем количестве, сделай так, чтобы благополучие сопровождало наш путь и конец, веди нас к Твоей милости и пролей на наши грехи изобилие Своего Прощения, одари нас избавлением от пороков и сделай благочестие нашим запасам, мы все стараемся ради Твоей религии, на Тебя мы уповаем и полагаемся. О Аллах, укрепи нас на пути истинном и защити нас от того, что может стать причиной раскаяния в день Судный, облегчи бремя наших грехов и одари нас жизнью благонравных и огради нас от того, что печалит нас в этой жизни и в той /следующей/ жизни. Защити от зла нехороших людей, обмана порочных и спаси нас, наших отцов, матерей, братьев и сестер от Огня, Твоей Милостью просим, о Могущественный, о Всепрощающий, о Щедрый, о Защищающий, о Создатель ночи и дня, избавь нас от горестей земной жизни и наказаний могилы и Ада, о Знающий, о Могучий, о Аллах, о Аллах, о Аллах! Твоей Милостью умоляю тебя, о Самый Милостивый из всех милостивых, о Самый Первый из первых, о Последний из последних, о Обладающий могуществом, Крепкий! О Проявляющий милосердие к несчастным, о Милосерднейший из милосердных, нет божества, кроме Тебя! Пречист Ты! Воистину, я был одним из беззаконников! О Аллах! Замени беду благополучием, печаль — радостью, а страх — спокойствием и безопасностью! О Аллах, избавь сердца наши от тревог и сомнений и потуши пламя беспокойства и страхов водой веры. О Аллах! Даруй нам, не знающим покоя, спокойный сон, ниспошли безмятежность и умиротворение в не знающие покоя души. Укрепи нас и утверди стопы наши на Твоём пути. Господи, дай нам увидеть в непроглядном мраке Твой свет и помоги пробиться сквозь тернии заблуждений к пути истинному и вернуться на этот путь, если вдруг сойдём с него. О Аллах! Избавь нас от наущений Шайтана, и пусть входит в сердца наши только истина. О Аллах! Прогони от нас печаль, тревогу и беспо койство! Просим Тебя уберечь нас от того, чтобы мы боялись кого-нибудь кроме Тебя, полагались и уповали на кого-то, кроме Тебя, просили кого-то, кроме Тебя. Ты — наш Покровитель и Помощник. И да благословит Аллах господина нашего Мухаммада, его семейство и всех его сподвижников, и хвала Аллаху, Господу миров!» мына дуганы мен намаздан сон жиi колданамын. Осы дуганы казакшага аударып бермес пе екен...?
    2 года назад
  • Жаттап алып, жиі қолданатын дұға екен.
    2 года назад