Аудармашылардың назарына!
Аудармашылардың назарына!

  Бірде жазушылар одағында бір топ қаламгерлер жиналып қалған екен. Әңгімеден әңгіме шығып араларындағы біреуі орысша бір жазбадағы "на столе ничего нету" деген сөзді әрқайсыларымыз өзімізше аударып көрейік депті. Бірі "үстелдің үстінде ештеме жоқ" деп аударса  басқа біреуі "үстелдің үстінде дым жоқ" деп тәржімалапты. Кезек араларында отырған Қалтай Мұхаммеджановқа келгенде ол кісі әлгі сөзді "дастарханның беті жылан жалағандай" деп аударып әріптестерін бір риза қылып қойған екен.

Пы.сы: Егер аудармаларымыз сәтсіз шығып жатса ол ана тіліміздің жұпынылығынан емес керісінше біздің аудармаға шорқақтығымыздан.

Роман БұрқашРоман Бұрқаш
2 года назад 780
3 комментария
  • Казак тiлiм бай тiл!зейiнiн ашылсын,аудармаларын саттi шыксын!бауырым!
    2 года назад
    • Әмин рахмет қарындасым! Сенің де Жайнаң мен Бекмырзаң ана тілімізді биікке көтеретін қарымды қаламгер, аудармалары сәтті шығатын аудармашы болғай және олардың артынан да талай аудармашы жиендерім дүниеге келгей әмин! Алла разы болсын!
      2 года назад
  • Сөз тапқанға қолқа жоқ.
    2 года назад