Шынайы арманың қандай?
Шынайы арманың қандай?

  Бірде бір жас жігіт досының үйіне қонаққа барады. Қонақасы беріліп, шәй ішіліп бәрі мәре-сәре болып жатқанда әлгі жігіттің көзі көрші бөлмедегі түрлі-түсті конструкторлармен "ғажайып қала" тұрғызып жатқан досының ұлына түседі. Жанына барып кішкентай жеткіншекті әңгімеге тартып:

-Балам айтшы осы сен өскенде кім болғың келеді?,-десе жас бала:

-Мен өскенде президент боламын,-дейді жанары от шашып. Қаршадай жастың жауабына таңырқаған жігіт тағы сұрақ қояды:

-Ал президент болсаң не істер едің?

Бала: "Мен президент болсам ана көшеде үйсіз қаңғып жүрген міскіндерге жәрдемдесер едім",-деп жауап береді. Сол сәтте жігіт: -Балақай ендеше біз былай қылайық. Сен қазір менің үйіме жүр. Біраз бақшамды тазалап берсең саған бес мың теңге беремін сол кезде сен әлгі жарлы-жақыбайларға қол ұшын соза аласың",-дейді. Бұны естіген бала: "Сол жұмысшылардың өзі неге сол жұмысты жасап ақша таппайды",-деп шар ете қалған екен.

Пы.сы: Кейде жақсылық жасау үшін үлкен армандардың орындалуын күтіп жүру де бекершілік. Жұртқа жақсылық жасау үшін жылы жүрек пен жақсы ниеттің өзі де жетіп жатыр.

Роман БұрқашРоман Бұрқаш
2 жыл бұрын 555
0 пікір
Блог туралы
0
20359 161 281 158 165