Нежеп Пазыл: 'Біздер аяқтары іскенше намаз оқыған пайғамбардың көздері іскенше ұйықтайтын үмметіміз' .
Нежеп Пазыл: 'Біздер аяқтары іскенше намаз оқыған пайғамбардың көздері іскенше ұйықтайтын үмметіміз' .
НЕЖЕП ПАЗЫЛ КЫСАКҮРЕК (1904-1983)  Түрік ақыны 
Ақшасы бар базардан қорықпас,  Иманы бар мазардан қорықпас. 
Нағыз намаз мешіттен шыққаннан кейін, нағыз қажылық Меккеден қайтқаннан кейін, нағыз рамазан ораза біткеннен кейін  басталады. 
Қарадағын ғибрат ал жерге түскен жапыраққа, Бір кездері ол да көктен қарап еді топыраққа. 
Заман (түрікше уақыт мағ.) барлық нәрсенің емшісі дейтіндер сол сөзді керісінше оқысын. 
Хайуанның адам болғаны жоқ, Адамнан хайуан болғаны көп. 
Егер дәмін тата алсақ нанды жегеннен гөрі басқаларға таратқан әлдеқайда тәттірек. 
Мешітке өз аяғыңмен бар, табытпен онсызда барасың. 
Асым міне демегін, Хараммен тапқан ас болмас. Көз жасым көл  демегін, Дінім деп егіліп жыламай, көздің де жасы жас болмас. Басым, басым демегін, Маңдайың сәжде көрмесе, Басыңда сенің бас емес. 
Біздер аштықтан ішіне тас байлап жүретін пайғамбардың тоюды білмейтін үмметіміз. Біздер аяқтары іскенше намаз оқыған пайғамбардың көздері іскенше ұйықтайтын үмметіміз. 
Мен тілі тек 'Алла' деген  сөзге келетін сақау болсамда разымын. 
Сапарға бірге аттанған досыңды жолда кезіккендерге алмастырсаң адасасың. 
Шын жылай алсаңыз жылар едіңіз. 
Менікі болған менікі, сенікі болған сенікі деу шариғат. Сенікі болған сенікі, менікі де сенікі деу тариқат. Менікі де, сенікі де барлығы Алланікі деу ақиқат. 
Аяғыңды тасқа соғып алсаң тасты қарғама. Тасқа болсын ұрылатындай аяғың барына шүкір ет. 
Бұл дүниеде өлетінін білетін бір ғана жаратылыс ол адам. Бірақ ол да өлместей күн кешеді. 
Біз өміріміздің жартысын ұйқымен өткіземіз,  ал қалған жартысын өзімізді ұйқыдан оятумен кетіреміз. 
Адамның тапқан ақшасынан емес, ақшаның тапқан адамынан қорқу керек. 
Дүние жақсы болса туылғанда жыламас едік. Дүние таза болса өлгенде жуылмас едік. 
Бір жұтқан ауаның өзін иесіне қайтарсақ бізде түк қалмас еді.
Ауа ластанғаннан емес ар-ұят ластанғаннан дем ала алмай жүрміз. 
Адамдарды жақсы таныған сайын жалғыздықты ұната бастайсың. 
Тәтті түстерді шындыққа ұластыру үшін ояну керек. 
Аллаға шүкір ете алғаным үшін де шүкір етемін. 
Адамдардың екі түрі болады. Біріншісі уақытын беске бөлетіндер. Екіншісі уақытын босқа кетіретіндер. 
Иманды бақ деп сенерсің, Я шайтанға ерерсің. Өмір көрде бітпейді, Барғаннан соң көрерсің.
Қасыңда болғанымда қадірімді білмесең,  қадірімді білген күні жаныңнан табылмаспын.  
Роман БұрқашРоман Бұрқаш
4 жыл бұрын 3890
9 пікір
  • Керемет!
    4 жыл бұрын
  • соқыр көзден жас шығар дегеннің кері ғой - Шын жылай алсаңыз жылар едіңіз.
    4 жыл бұрын
  • тыныс белгілеріне мән берсең қайтеді, бәрімізде қате кетіп жатады, бірақ, барыншы ұқыпты, мұқият болсақ, ол да жақсы
    4 жыл бұрын
  • Қасыңда болғанымда қадірімді білмесең, қадірімді білген күні жаныңнан табылмаспын. "Қолда барда алтынның қадірі жоқ" деп қазақ атам баяғыда айтып кетіп еді... ұлттық ианымнан ажырамау керек
    4 жыл бұрын
    • Уәжіңіз орынды ағам. Есте болады. Тек телефонмен жұмыс жасағасын компьютер алдын отырғандай көсіле алмайсың.
      4 жыл бұрын
  • Алла разы болсын, Роман, бірақ, сенің де, Еермектің де ниеті жақсы, түрікшілерең басым болып барады, мені алдаңдатыны - сол, тіліміз онсыз да қиын жағдайда
    4 жыл бұрын
  • кезінде мұхтар (Мағауинді айтып отырмын) ағамыз тіліміз өлмейді, өйткені, 10 млн қазақ бармыз деп жазып еді, бірақ, мендегі статистика ондай емес, ауылдағы қазақты есептеме, өйткені, қалалық жерде болмағаннан кейін олар санда барда, санатта жоқ, ресми мәлімет басқа, бейресми мәлімет мүлде басқа, оның үстіне, биліктің пиғылы да белгілі қазақ тіліне
    4 жыл бұрын
  • "Нағыз намаз мешіттен шыққаннан кейін, нағыз қажылық Меккеден қайтқаннан кейін, нағыз ораза Рамазан біткеннен кейін басталады" секілді...
    4 жыл бұрын
  • керемет екен!
    3 жыл бұрын
Блог туралы
0
20359 161 281 158 165