ДЕЙЛ КАРНЕГИ: "Түсі суық адам дүкен ашпай-ақ қойсын..."
ДЕЙЛ КАРНЕГИ: "Түсі суық адам дүкен ашпай-ақ қойсын..."

                            Дейл Карнеги

                                                                                           (1888-1955) 

                                                                  (жазушы-публицист, психолог, оқытушы)

Бұл өмірде махаббат пен құрметке бөленудің бір ғана  жолы бар. Ол ешқашан оны ешкімнен талап етпей және қайырым күтпей жұртқа жақсылық жасап, жылу сыйлау.
 Әрдайым бір іспен шұғылданыңыз. Ешқашан босамаңыз. Бұл әлемдегі ең арзан және ең нәтижелі дәрумен.
Араларыңызда ағаштың үгінділерін майдалаған адам бар ма? Әрине жоқ. Үгінділерді үгіту мүмкін емес. Ал, болып, бояуы сіңген нәрселерді ойлап мазаңыз  қашса сіз ағаш үгінділерін үгітіп әуре болғанмен бірдей боласыз.
Жиреніп  ұмыту керек ұсақ-түйек нәрселер үшін мұңға батпаңыз. Өмір қысқа! Болмашы нәрселерге мән бере беретін уақыт жоқ.
Жымию өте оңай. Бірақ өте құнды.
Адам жүрегін жаулап алудың бір ғана жолы - онымен оның ең сүйікті нәрсесі жайында әңгіме өрбіту.
 Өзіңізді жаныңыздағы адамның орнына қойып көріңізде, өзіңізге емес оған не керек екенін түсінуге тырысыңыз. Осы нәрсені кім істей алса әлем соның алақанында болады.
Мына өмірде үш маңызды нәрсе бар. Олар ұрпақ өрбіту, иелігіңдегі зат және дін. Біріншісі арқылы біз өз әлемімізді жасаймыз, екіншісі арқылы сол әлемге қамқор боп қолдап-қорғаймыз. Үшіншісі арқылы сол әлемді арғы өмірде де жалғастырамыз.
Егер өмір сізге лимон сыйласа оны сол күйінше жей бермеңіз. Оны сығып лимонад жасап алыңыз.
Мен өз басым қаймақ қосылған бүлдіргенді ұнатамын. Ал балық болса құртты қалайды. Сондықтан да мен балық аулауға бара жатқанда өзімнің не ұнататынымды емес балықтың нені жақсы көретінін ойлаймын.
Біреуге тағатын кінәлар ұшырып жіберген соң өзіңе қайта келетін хатшы кептерлерге ұқсайды.
Екі жыл бойы бар назарды өзіңе аудартып жүріп табатын достарыңнан да көп досты олардың өздерінің жанына шынайы үңілу арқылы екі-ақ күнде табуға болады.
Әрине сөзсіз сіздің күйеуіңіздің бойында кемшіліктер бар. Ал егер ол әулие болғанда сізге үйленбес еді.
Басы артық дүниеден арылсаң өмірің жақсарады.
Адамдарды кінәлаудың орнына оларды түсінуге тырысу керек.
Ойларымызды өзгерту арқылы біз өмірімізді де өзгерте аламыз.
Бір нәрсені тезірек үйренуге тырысу - жетістіктің 50 пайызы.
Құдайға деген сенімнің болмауы өмірді мәнсіз етеді.
Біреуді мұқият тыңдай алуыңыз сіздің оған жасаған ең үлкен жақсылығыңыз.
Әрбір ұлт өздерін өзгелерден артықпыз деп ойлайды. Бұл патриотизмді тудырады...және соғысты.
Түсі суық адам дүкен ашпай-ақ қойсын.
Ұйқысы қанбай қалғаннан әлі ешкім өліп қалған жоқ. Ұйқым қанбай қалды деп мазасыздану ұйқысыздықтың өзінен де қауіпті нәрсе.
Өзі жайлы  айта беретін адам өзін ғана ойлайтын адам.
Біз сүйікті ісімізбен шұғылданып жатқанымызда шаршауды білмейміз.
Бүгінгі күн - кешегі біз тағатсыздана күткен ертең.
Егер адамдарды түзеткіңіз келсе бірінші өзіңізден бастаңыз. Бұл өте пайдалы әрі қауіпсіз.

                                                                                     Орыс тілінен аударған Роман Бұрқаш

Роман БұрқашРоман Бұрқаш
4 жыл бұрын 8180
11 пікір
  • дейл карегиді оқымаппын, бірақ ол классиктер деңгйінде ойлайды, сонысы ұнады, рациоализм басым, өмір оның айтқандарынан күрделі екенін ескермеген.
    4 жыл бұрын
  • Ойлары ұнады!
    4 жыл бұрын
  • Әрдайым бір іспен шұғылданыңыз. Ешқашан босамаңыз. Бұл әлемдегі ең арзан және ең нәтижелі дәрумен.

    Абайша айтқанда, "Қарыны тоқтық. жұмысы жоқтық аздырар адам баласын".
    4 жыл бұрын
  • Ойлары керемет екен! Кітаптары да әлі күнге дейін жақсы оқылады. Бірақ өмірін өкінішті аяқтағаны жаман(((
    4 жыл бұрын
  • Жақсы ойлар, пайдалы кеңестер. Бірақ иман болмағандықтан бұлардың барлығы алдында "1" цифры жоқ көптеген нөлдер іспеттес мән-мағынасыз болып қала береді. Оны бұл адамның өмірін қалай аяқтағаны-ақ дәлелдеп берді.
    4 жыл бұрын
    • Крылов, Лермонтов және Пушкинді қазақшаға аударған Абай атамыз бір өлеңінде былай депті:
      Көп орында көріне айтпа,
      Біздің сөзге ерсеңіз.
      Мұны жазған кісінің
      Атын аллма, сөзін ал!
      Осы жалған дүниеден
      Шешен де өткен не бұлбұл,
      Көсем де өткен не дүлдүл.
      Сөз мәнісін білсеңіз,
      Ақыл - мизан, өлшеу қыл.
      Егер қисық көрінсе,
      Мейлің таста, мейлің күл.
      Егер түзу көрінсе,
      Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
      Ақымақ көп, ақылды аз,
      Деме көптің сөзі пұл.
      Жақынның сөзі тәтті деп,
      Жақыным айтты дей көрме.
      Надандықпен кім айтса,
      Ондай түпсіз сөзге.ерме.
      Сізге айтамын, хаупім - бұл.
      Өзің үшін үйренсең,
      Жамандықтан жиренсең,
      Ашыларсың жылма-жыл.
      Біреу үшін үйренсең,
      Біреу білмес, сен білсең,
      Білгеніңнің бәрі - тұл.
      Сөзіне қарай кісіні ал,
      Кісіге қарап сөз алма.
      Шын сөз қайсы біле алмай,
      Әр нәрседен құр қалма.
      Мұны жазған білген құл -
      Ғұламаһи Дауани,
      Солай депті ол шыншыл.
      Сөзін оқы және ойла,
      Тез үйреніп, тез жойма,
      Жас уақытта көңіл - гүл.

      4 жыл бұрын
  • "Ақылды адамға иман парыз..." АБАЙ
    4 жыл бұрын
Блог туралы
0
20359 161 281 158 165